Шемонаиха ауданының көпбалалы аналары “Күміс алқа” төсбелгімен марапатталды
Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан берілетін "Күміс алқа" мемлекеттік наградасының салтанатты табысталу рәсімі өткізілді. Бұл марапат балаларды тәрбиелеуге және отбасылық құндылықтарды нығайтуға өз өмірін арнаған әйелдердің еңбегін мойындаудың айғағы ретінде берілді.
Ауданның екі тұрғыны — Алёна Владимировна Ванина және Анастасия Владимировна Бизгеймер —"Күміс алқа" медальдарымен марапатталды. Мемлекет басшысының атынан марапатты Шемонаиха ауданының әкімі Дидар Кенесбаев олардың еңбегін жоғары бағалап, шынайы құрметпен табыстады.
Алёна Владимировна Ванина — отбасы мен қоғам алдында қызмет еткен үлгі
2007 жылдан бастап мәдениет саласында еңбек етіп келе жатқан Алёна Владимировна 2016 жылдан бастап Усть-Таловка кентіндегі “Горняк” клубының директоры қызметін атқарады. Ол жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуда белсенді, «Tutti Frutti» және «Декоратор» студияларын басқарады, мәдени шараларды ұйымдастырады және елді мекеннің қоғамдық өміріне маңызды үлес қосып келеді.
Алёна — 6 баланың аналық борышын абыроймен атқарып жүрген әйел. Отбасына махаббат, даму және қолдау ортасын тудырып, балалары оқу, спорт және шығармашылық салаларында жоғары жетістіктерге жетуде. Өзінің қоғамдық және кәсіби еңбегі үшін “ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ 100 ЖАҢА ЕСІМІ” белгісі мен көптеген алғыс хаттармен марапатталған.
Анастасия Владимировна Бизгеймер — отбасылық тұрғыдан мықты тірек
Сугатовка ауылында тұратын Анастасия ауылдық елді мекеннің қоғамдық өміріне белсенді атсалысып келеді. Ол Павел Ивановичпен бірге алты баланы тәрбиелеп отырған отбасының тірегі ретінде, жақындары мен ауыл тұрғындары арасында үлкен құрметке ие.
Олардың балалары — еңбекқор, тәрбиелі және мектеп пен қоғам өміріне белсенді қатысатын жастар. Үлкен қызы Алина бармен ретінде еңбек етіп, жұмыс берушілер тарапынан жоғары бағаға ие. Орта жастағы балалар білім мен шығармашылыққа қызығушылық танытып, белсенділік көрсетуде.
"Күміс алқа" – бұл тек қана мемлекеттік марапат емес, сонымен бірге өмірінің маңызды миссиясы – келер ұрпақты тәрбиелеуге арнаған аналардың еңбегіне деген шынайы құрмет пен алғыс белгісі.